Туризм министрлігі Атыраудың спорт ардагеріне жүлделі ақшасын бермей қойған
Азамат сотқа жүгініп, жеңіп шықты
Туризм және спорт министрлігі Атырауда тұратын спорт шеберіне халықаралық жарыстардағы жүлделі орындары үшін тиісті төлем бермегені үшін сотта жеңілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғарғы соттың мәліметіне сүйенсек, спорт ардагері 2021 жылы дзюдодан Лиссабон қаласында (Португалия), 2023 жылы Астана қаласында өткен самбодан Азия және Океания чемпионатында, Оралда самбодан шеберлер арасында әлем чемпионатында, Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан өткен әлем чемпионатында жүлделі орындар иеленген.
Сондықтан, өзге спортшылар сияқты сыйақы алғысы келген. Бірақ, Туризм министрлігі бұндай төлем спорт ардагерлеріне төленбейтінін алға тартып, ақша бермеген. Азамат сотқа жүгініп, жеңіп шықты.
«Сот Министрлікті әлем чемпионатында жүлде алғаны үшін ақшалай ынталандыру төлеуге міндеттеді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды жоғарғы сот.