11.12.2024, 11:23
Спорт
Даниал Ахметовтің орнына Ольга Рыпакова келді – спортта маңызды ауыс-түйіс болды
Енді Олимпиада чемпионы жеңіл атлетика федерациясын басқарады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен өткен қорытынды жиында белгілі болған.
«Отырыста Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне даңқты жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылығы мен спорт қауымдастығы Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:00
Жабал Ерғалиев: Отанға деген сүйіспеншілік үлкен сөздерден емес, күнделікті қарапайым істерден басталады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды