Әбдіқайым Мұхаммедғали Астанадағы 86 мектеп-гимназиясында білім алады
Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Тайландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сегіз жасар оқушы бұған дейін Шахмат ойынынан өткен «Akbulak Open 2023 « халықаралық турнирдан үш мәрте күміс жүлдегері атанып, әлем чемпионаттарына қатысқан.
«Бұл Әбдіқайым Мұхаммедғалидің алғашқы алтын медалі», - деп хабарлады дереккөз.