23.08.2024, 16:27
Спорт
Күрестен Амманда өтіп жатқан жарыста екі спортшы қолаға таласады
Бұған дейін спортшылар Иорданиядағы жарыста 2 күміс, 2 қола алды
Фото: t.me/olympickz/
Күрес түрлерінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі жалғасып жатыр. Бүгін әйелдер күресінен тағы екі салмақ дәрежесінде спортшыларымыз қола медальға таласады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар:
61 келідегі Жайдар Мұқат кіші финалда бақ сынайды. Оның қарсыласы - түркиялық Өзденур Өзмез.
Сонымен қатар, 46 келідегі Медина Қуанышбек те әлемдік доданың қола медалі үшін күреседі. Қазақ балуанының қарсыласы - украиналық Евгения Друзенко.
Еске салайық, бұған дейін спортшылар Иорданиядағы жарыста 2 күміс, 2 қола алды.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)