Елена Рыбакина бапкерімен қоштасты

Автор: Молдатай Сымбат

Олар 5 жыл бірге жұмыс істеді

Фото: AI / Reuters / Panoramic

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен қоштасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық теннисші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бес жылға созылған жемісті қарым-қатынастан кейін біз енді бірге жұмыс істемейміз. Мен оның корттағы жұмысына ризамын және оған барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін бәріңізге алғыс айтамын», - деп жазды stories-те Рыбакина. 

Олимпиадаға қатыса алмаған Елена Рыбакина сырқатынан айығып, жарыс жолына шықты.