Олимпиадаға қатыса алмаған Елена Рыбакина сырқатынан айығып, жарыс жолына шықты

Azattyq Rýhy

Түркияда демалып жүрген ол Олимпиада алдында бронхит болып ауырып қалғанын айтқан

Олимпиадаға қатыса алмаған Елена Рыбакина сырқатынан айығып, жарыс жолына шықты
Фото: ktf.kz

Сырқатына байланысты Олимпиадаға қатыса алмаған Елена Рыбакина жазылып, жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АҚШ-тағы WTA сериясына кіретін Цинциннати турнирі өзінің Instagram парақшасында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның дайындық барысындағы видеосын жариялады.

«Елена Рыбакина жаттығу процесін мастер-класқа айналдырды. Елена бұл маусымда Cincinnati Open титулын Қазақстанға алып кете ала ма?» - деп жазды Цинциннати турнирінің Instagram парақшасы.

Айта кетейік, осыған дейін Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатысудан бас тартқан болатын. Түркияда демалып жүрген отандасымыз Париж Олимпиадасының алдында бронхит болып ауырып қалғанын айтқан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.