19.08.2024, 10:06
Спорт
«Айтжанов кетсе, мен де кетемін»: Сәкен Бибосынов мәлімдемені растады ма
Боксшы бұл ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Olımpıc.kz
Париж Олимпиадасына қатысқан боксшы Сәкен Бибосынов бас бапкердің артынан кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Ол сөз жалған. Мен боксты қойған жоқпын», - деп жазды Сәкен Бибосынов.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілген еді. Оның ішінде бас бапкер Мырзағали Айтжанов та бар. Кейін Сәкен Бибосыновтың «Мырзағали Айтжанов кетсе, мен де кетемін» деген жалған мәлімдемесі тарады.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды