COVID-19: Парижден қанша спортшы ауру жұқтырып келді

Автор: Молдатай Сымбат

Коронавирус табылуына байланысты Президентпен кездесу кейінге қалды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Коронавирустық инфекцияны Қазақстан құрамасының қанша спортшысы жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі редакция сауалына жауап берді.

«COVID-19 біздің команданың үш жүлдегері мен екі жаттықтырушысынан анықталды. Олардың ПТР-сынағы оң нәтиже берді. Қазіргі уақытта олар оқшауланған», - делінген Туризм және спорт министрлігінің түсініктемесінде.

Спортшылар ем қабылдап жатыр.

«Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Оларға тезірек сауығып кетулерін тілейміз. Ұлттық құраманың басқа мүшелерінде вирус табылған жоқ», - делінген ресми жауапта.

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасынан оралған спортшылар мен бапкерлерден коронавирус табылуына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортшылармен кездесуі кейінге шегерілді.