$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.08.2024, 10:21
Қоғам

Парижден келген спортшылар коронавирус жұқтырған: Тоқаев олармен неге кездеспегені белгілі болды

Ақорда президент Олимпиада жүлдегерлерімен міндетті түрде кездесетініне сендірді

Парижден келген спортшылар коронавирус жұқтырған: Тоқаев олармен неге кездеспегені белгілі болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Париж Олимпиадасынан оралған спортшылар мен бапкерлерден коронавирус табылуына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортшылармен кездесуі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Өздеріңізге белгілі, президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», - деді ол.

Берік Уәли мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайтынын атап өтті. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасынан жеті медальмен оралды. Қазақстан қоржынына бір алтын, үш күміс және үш қола түсті.

Серіктес жаңалықтары