Елдос Сметов Олимпиада алтынынан кейін әлемдік рейтингте үздік бестікке шықты

Аягөз Құрмаш

Ол қазір бесінші орында тұр

Елдос Сметов Олимпиада алтынынан кейін әлемдік рейтингте үздік бестікке шықты
Фото: Olympic.kz

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 2024 жылғы Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алғаннан кейін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингіндегі жағдайын едәуір жақсартты.

Sports.kz хабарлағандай, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі туралы жаңартылған кестеде Сметов бірден 17 жолға көтеріліп, қазір бесінші орында тұр.

Қытайдың Тайбэйінен Ян Юн Вэй көш бастап тұр, одан кейін Франция өкілі Лука Мхеидзе мен грузин дзюдошысы Георгий Сардалашвили орналасқан. Төртінші жол испандық Франциско Гарригосқа тиесілі. Олимпиадалық турнирде Елдос Сметов ширек финалда топ-5 саналатын Ян Юнвейді, жартылай финалда Франсиско Гарригостан және финалда Лука Мхеидзені жеңді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.