«Еңсеңді биік ұста, батыр»: Головкин Нұрбек Оралбайға қолдау көрсетті

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол боксшының жетістіктері әлі алда екенін айтты

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин бокстан күміс жүлдеге ие болған Нұрбек Оралбайды жігерлендіріп, қолдау көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Күміс құтты болсын. Алар асу әлі алда. Еңсеңді биік ұста, батыр. Барлығы алда екенін өз тәжірибемнен білемін», - деп жазды ол өзінің ınstagram парақшасында.

Желі қолданушылары да күміс жүлдегерге қолдау көрсеткен.

«Сіздің қолдауыңыз өте қажет спортшыларымызға. Алдағы жарыстарда да қастарында болып, демеп, күш, рух беріңіз. Сен біз үшін чемпионсың, Нұрбек. Аянбай өнер көрсеттің. Біз сенімен мақтанамыз», - деп жазды олар.

Еске салсақ, Париж олимпиадасында алтын үшін таласта Нұрбек Оралбай украиндық Александр Хижняктан 2:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.