06.08.2024, 17:11
Спорт
Париж-2024: байдарка мен каноэ есуден қазақстандық спортшылар өнер көрсетті
Олар жартылай финалға өтпеді
Фото: ҰОК
Париждегі Олимпиада ойындарында екілік каноэден (500 метр) әйелдер арасындағы ширек финал аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екінші ширек финалда сынға түскен қазақстандықтар Мария Бровкова мен Руфина Искакова жартылай финалға өте алмады. Олар өз тобындағы төрт экипаж арасынан төртінші орын алды. Ал жартылай финалға алғашқы үш орынды иеленген командалар өтті.
Бұған дейін, аталған жұп ширек финалға өткенін жазған едік.
Сондай-ақ, байдарка мен каноэмен есуден (500 метр) Қазақстан командасының мүшелері Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий де жартылай финалға өтпеді.

Олар өз тобында бесінші орын алды. Ал алғашқы екі орынды иеленген экипаж тікелей жартылай финалға өтеді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді