Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағы берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін таңертең жазғы дзюдодан Қазақстан құрамасы Парижден оралды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағы берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның сыңары Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті «капитан» әскери атағы мерзімінен бұрын берілді», деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ғұмар Қырғызбаев – Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы, аға жаттықтырушы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.

Еске салайық, бүгін таңертең жазғы Олимпиада ойындарында тамаша өнер көрсеткен дзюдодан Қазақстан құрамасы Парижден оралды.

Ғұсман Қырғызбаевқа дзюдо федерациясының басшылары өз ақшасына көлік алып берді.