Махмұд Сабырхан бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады

Фото: ҰОК

Бүгін Париж Олимпиадасында Испания боксшысымен жұдырықтасқан Махмұд Сабырхан жеңіліс тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Махмұд Сабырхан Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды», - деп жазды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, таңертеңнен бері жарыс жолына шыққан отандастарымыздың ешқайсысы ақтық сынға өте алған жоқ. Енді кешкі сағат 18:00-де үстел теннисінен Кирилл Герасименко 1/8 финалда өнер көрсетсе, кешкі сағат 20:30-да спорт гимнастикасынан ерлер арасында Милад Карими финалда жарысады.