Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының қола медаліне таласады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол парагвайлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Сали Сабиров

Дзюдодан отандасымыз Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының қола медаліне таласатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

48 келі салмақта белдескен ол жарыстың ширек финалында испаниялық Лаура Абелиндадан ұтылып қалған болатын.

Жұбаныш белдесуінде ол парагвайлық Габриэла Нарваес қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Енді ол Париж Олимпиадасының қола медаліне таласады.