$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.07.2024, 17:51
Спорт

Теннисші Юлия Путинцева да Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды

Ол матч алдындағы дайындықта жарақат алып қалды

Теннисші Юлия Путинцева да Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды
Фото: ktf.kz

Теннисші Юлия Путинцева да Париж Олимпиадасына қатыспайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Путинцева Парижге ұшып келіп, белсенді түрде жаттыға бастаған болатын.  Алайда, украиналық Марта Костюкпен болатын матч алдындағы дайындықты қазақстандық спортшы тізесін ауыртып алды. Медициналық тексеруден өткен соң турнирден бас тарту туралы шешім қабылданды.

Айта кетелік, бұған дейін де Юлия тізесіндегі жарақатын айтып, шағымданған болатын.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Париж Олимпиадасы біз үшін сынақпен басталуда. Алдымен Елена Рыбакина сырқатына байланысты бас тартса, бүгін  Юлия Путинцева жарқатына байланысты жарысты тоқтатты. Екі спортшыға да үлкен үміт артқан едік, өкінішті», - деді Досқараев.

Айта кетейік, осыған дейін Елена Рыбакинаның Олимпиадаға қатыспайтыны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары