27.07.2024, 13:39
Спорт
Елдос Сметов Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады
Келесі кезеңде Елдос Сметов украиналық Ділшот Халматовпен кездеседі
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
60 келі салмақтағы алғашқы айналымда Сметов нидерландтық Торнуке Чакадуамен белдесті.
Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, Торнуке үш ескерту алды. Осылайша, жеңіс Елдосқа берілді.
Келесі кезеңде Елдос Сметов украиналық Ділшот Халматовпен кездеседі. Аталған спортшы өзбек балуанын жарыс жолынан шығарған болатын.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды