Назым Қызайбайдың Парижде кіммен рингке шығатыны белгілі болды

Azattyq Rýhy

Парижде ерлер мен әйелдер арасында жеребе тартылды

Назым Қызайбайдың Парижде кіммен рингке шығатыны белгілі болды
Фото: Olympic.kz

Бокстан қазақстан әйелдер құрамасының фавориті Назым Қызайбайдың ең алдымен кіммен рингке шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлағандай, 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай Италия боксері Джиордана Соррентиномен бокстасады. Ал, құраманың 57 келі салмақтағы мүшесі
Әйелдер Карина Ибрагимова Пуэрто-Рико боксшысы Лозада Мотта Ашлейанмен бақ сынасады. 75 келі салмақтағы отандасымыз Валентина Хальзова Панама спортшысы Атейна Билонмен жұдырықтасады.

Ерлар арасындағы Ұлттық құраманың жеребесі төмендегідей түскен:

51 келі: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)
57 келі: Махмұд Сабырхан – Хосе Кильес (Испания)
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
71 келі: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)
80 келі: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)
92 келі: Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.