Қазір боксшы үздік ондыққа кіреді
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлемдік рейтингте бірінші орынға шығу үшін қандай дайындық жасап жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір боксшы үздік ондыққа кіреді. Енді Лукас абсолютті әлем чемпионы атағын алуға ниетті.
«Дәл қазір әлемдік рейтингте алғашқы 10-дықтың қатарындамын, ендігі мақсат – біз алға жылжып келе жатқан біріншілік және тамыз айында әлем чемпионы атағы үшін тартыс болады. Менде екі әлем чемпионы атағы бар, олардың кейбірі абсолютті әлем чемпионының бөлігі болып табылады, енді маған тағы 3 негізгі әлем чемпионы белбеулерін алу керек!», - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.