Шавкат Рахмонов бапкеріне қымбат темір тұлпар сыйлады

Автор: Аягөз Құрмаш

Спортшы бапкеріне табыстайтын көлікті өзі тізгіндеп әкелді

Фото: ufc.com

UFC-дегі қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өзінің бапкері Баян Жанғаловқа темір тұлпарды сыйға тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бас бапкерім Баян Жанғаловқа бүгін темір тұлпар сыйлауға Алла нәсіп етті. Демеушілік беріп, қолдау білдірген ағам Алидар Болатұлына ризашылығымды айтамын», - деп жазды спортшы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді. Кештің басты айқасында Леон Эдвардс Колби Ковингтонды төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты.