Талғарда теңге ілуден республикалық чемпионат өтті

Azattyq Rýhy

Жарысқа 12 облыстан қырыққа жуық шабандоз қатысқан

Талғарда теңге ілуден республикалық чемпионат өтті
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Алматы облысы Талғар қаласында ұлттық ат спорты – «теңге үлуден» ұлттық чемпионат мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жарысқа 2004-2006 жылдары туған қырыққа тарта шабандоз қатысып, Ұлттық спорт федерациясы бекіткен жаңа ережелер бойынша теңге ілуден жарысқан.

Ұлттық ат спортынан мемлекеттік деңгейдегі жаттықтырушы Нұркен Байөриев теңге ілу жарысының жаңа ережелерін түсіндірді. Оның айтуынша, жаңа ереже бойынша «бес белес» стилінде барар және қайтар жолда бес-бестен он кезек теңге ілсе, екінші «қос құлашта» оң қолмен үш және сол қолмен үш жалпы 6 мәрте олжа салуға мүмкіндік бар. Соңғы «жеті құтта» еркін шауып жеті нысананы жерден көтерсе жетерлік.

«Бес белес», «жеті құт», «қос құлаш» ережелерінің өзіндік терең тарихи мағыналары бар. Яғни, теңге деген ырыс-береке, оны жерден еппен жылдам көтеріп алу керек деген сөз. Оның бәрі спорттық өлшемдермен жасалған», - дейді ол.   

Жарыста Шымкент пен Қызылорда және Түркістан облысы шабандоздары република бойынша көш бастап тұр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.