$ 503.05  542.99  5.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2024, 09:22
Спорт

Жаңыл Балтабаева Париж Паралимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

Париж-2024 Паралимпиадасы тамыздың 28-і мен 8-ші қыркүйек аралығында өтеді

Жаңыл Балтабаева Париж Паралимпиадасының лицензиясын жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Мажарстанның Сегед қаласында өткен пара каноэдан лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева Париж-2024 Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жаңыл Балтабаеваны есептегенде, Қазақстанға жазғы Паралимпиаданың 12-ші лицензиясы бұйырды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, чемпионаттың В финалында (VL3 клас) өнер көрсеткен қазақстандық спортшы 200 метр қашықтықты 1:05.83 секундта бағындырып, мәреге екінші болып жетті. Осы бәсекеде польшалық Моника Кукла 1:05.45 секунд нәтижесімен бірінші, ал франциялық Елеа Чарвет 1:07.33 нәтижесімен үшінші болып жетті.

Бұған дейін пара каноэдан Спатай Бибарыс, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таэквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова және Нышан Өмірәлі алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Олимпиада