11.05.2024, 13:13
Спорт
Тұңғыш алтын медаль: Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінде топ жарды
Ол қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының «алтынын» алды
Фото: Olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді. Қазақстандық спортшы алдымен «ваззари», кейін «иппон» ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының «алтынын» алып отыр. Ол турнирдің финалына өз карьерасында алғаш рет шыққанын да айта кету керек.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды