Ол үшінші айналымға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турнирінде бірінші матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлемнің төртінші ракеткасы жарыстың екінші айналымында екі сетте итальяндық Люсия Бронцеттиді (№46) 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Рыбакина келесі матчты украиналық теннисші Марта Костюкпен (№ 21) қайтадан ойнауы мүмкін.
Тақырыпқа орай: Тоқаев Рыбакинаны жеңісімен құттықтады