«Жеңіске жеткенін көру оңай болған жоқ»: Швентек Рыбакинадан жеңілгені туралы айтты
Кездесу 6:3, 4:6, 6:3 есебімен Елена Рыбакинаның жеңісімен аяқталды
«Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, 22 жастағы поляк теннисшісі Ига Швентек Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалында Елена Рыбакинадан жеңілгені туралы айтты. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу 6:3, 4:6, 6:3 есебімен Елена Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.
«Мен үлкен қысымды сезінбедім. Бірақ кінә менде. Иә, мен үшінші сетте сенімімді жоғалттым. Алдағы уақытта мұндай жағдайды қайталамауға тырысамын.
Бірақ, әрине, оның жылдам жеңіске жеткенін көру оңай болған жоқ. Ал мен жақсырақ ойнауға тырыстым. Мүмкін маған көбірек жаттығу керек шығар», - деді Швентек баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Рыбакина матч барысында 20 брейк-пойнт жинады, оның төртеуін пайдасына жарата білді.