Еуропа чемпионатына жолдама: бүгін Қазақстан Афинада Грекиямен кездеседі

Автор: Azattyq Rýhy

Тікелей эфирді екі телеарна көрсетеді

Фото: smi24.kz

Бүгін, 21 наурыз күні Афина қаласында футболдан Грекия мен Қазақстан арасында маңызды кездесу өтеді. Жеңіске жеткен ұжым Еуропа чемпионатына жолдама алатын кезеңнің финалына шығады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Грекия мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу OPAP Arena стадионында Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады. Тікелей эфир сағат 00:35-те бірден екі телеарна мен олардың сайттары арқылы көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, кездесудің жеңімпазы 26 наурызда Грузи -Люксембург жұбының үздігімен кездеседі. Төрт команданың тек біреуі ғана осы жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында өтетін Германиядағы Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Қазақстан құрамасы өз тарихында бірде-бір рет құрлықтық біріншілікке жолдама алған жоқ. Гректер еурода төрт рет ойнаған, ал 2004 жылы турнирдің чемпионы атанған.