ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2023, 14:01
Спорт

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Данияны жеңді

Қазақстандықтар келесі кездесуін Францияға қарсы өткізеді

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Данияны жеңді
Фото: icehockey.kz

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионының «А» тобында Данияны жеңді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап

Будапешттегі кездесу 3:2 есебімен Сергей Старыгин шәкірттерінің пайдасына шешілді. Бірінші кезеңде Оскар Мелгард (16 минут) матчтағы есеп ашты.

Екінші кезеңде гол болмады.

Үшінші кезеңде командалар бірігіп төрт гол соқты. Сөйтіп, 45-минутта Бейбарыс Оразов таразы басын теңестірді. Алайда 47-минутта Альберт Шиолдан даниялықтарды тағы да алға шығарды.

«Қазақстан құрамасы 49-минутта Кирилл Ляпуновтың күшімен есепті теңестірді. Старыгин шәкірттеріне 57-минутта Руслан Оспанов жеңіс әкелді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстан Венгрияны 5:2 есебімен ұтқан болатын. Қазақстандықтар келесі кездесуін 13 желтоқсанда Францияға қарсы өткізеді.

Серіктес жаңалықтары