Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды

Azattyq Rýhy

Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті

Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азиаданың қола медалін жеңіп алды», - деп сүйіншіледі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Медаль үшін шайқаста Шархан Оңтүстік Кореядан келген қарсыласы Джонхун Вонмен кездесті.

«Қазақстандық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетті. Бұл – Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль», - делінген хабарламада.

Отандық татами шеберлерінің активінде бір күміс және төрт қола жүлде бар.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.