Азиада-2023: Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық құрам 1111 балл жинады

Азиада ойындарында Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, құрамында Ыбраев Бақтияр, Худяков Андрей мен Нәзірқұлов Асадбек бар Қазақстан командасы 10 метрден қозғалмалы нысанаға атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

«Қазақстандық құрам 1111 балл жинады. Бірінші орынды Оңтүстік Кореядан келген мергендер (1116), үшінші орынды Индонезиядан келген спортшылар (1098) иеленді», - делінген хабарламада.

Бұл – нысана көздеу бойынша жарыстарда Қазақстан құрамасының үшінші марапаты. Осыған дейін Никита Чирюкин жылдам атылатын мылтықтан қоланы жеңіп алған.

Тақырыпқа орай: Қытайда Димаштың фанаттары Қазақстан құрамасына жанкүйер болып жатыр

Тағы бір қола жүлдені Ислам Сәтпаев / Александра Ле жұбы жеңіп алды, ол 10 метрлік пневматикалық мылтықтан ату жарыстарында өнер көрсетті.