25.09.2023, 13:24
Спорт
Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті
Никита Чирюкин қола жүлдеге қол жеткізді
Қытайлық Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Никита Чирюкин оқ атудан 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен сайыс финалында қола жүлдеге қол жеткізді. Ал алтын медальді қытайлық Ли Юхонг еншіледі.
Бұл Азиадада ел қоржынына түскен үшінші медаль болып тұр. Кеше дзюдошыларымыз Әбиба Абужақынова күміс, Мағжан Шәмшәдин қола жүлде еншілеген.
Тақырыпқа орай: «10 мың доллар»: Азия ойындарында жүлде алған чемпиондарға қанша сыйақы берілетіні айтылды
Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады