22.09.2023, 08:21
Спорт
ФИФА рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы алғашқы «жүздікке» енді
Қазақстан ұлттық құрамасы бұған дейінгі рейтингтен 4 саты жоғары көтерілді
Фото: kff.kz
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингінде жоғарылады. Жаңа рейтинг 2023 жылдың 21 қыркүйегінде шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді: алғашқы кездесуде Финляндияға есе жіберсе (0:1), екінші ойында ұлттық құрама Солтүстік Ирландия командасын 1:0 есебіпен жеңді.
ФИФА рейтингі. 21 қыркүйек 2023 жыл:
Жақшада өткендегі рейтингінде жайғасқан орны жазылған
- 1. (1) Аргентина – 1851.73 ұпай
- 2. (2) Франция – 1840.76
- 3. (3) Бразилия – 1828.27
- 4. (4) Англия – 1794.34
- 5. (5) Бельгия – 1792.64
- 6. (6) Хорватия – 1747.83
- 7. (7) Нидерланд – 1743.15
- 8. (9) Португалия – 1728.58
- 9. (8) Италия – 1727.37
- 10. (10) Испания – 1710.72
- 18. (19) Дания – 1606.84
- 54. (54) Финляндия – 1418.43
- 59. (60) Словения – 1404.72
- 74. (64) Солтүстік Ирландия – 1333.2
- …
- 98. (102) Тринидад және Тобаго – 1217.24
- 99. (101) Мавритания – 1207.39
- 100. (104) Қазақстан – 1206.94
- 101. (100) Ливан – 1205.56
- 102. (99) Үндістан – 1204.88
- …
- 207. (208) Сан-Марино – 750.27
Рейтингтің толық нұсқасымен ФИФА-ның ресми сайтында танысуға болады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды