24.05.2023, 17:40
Спорт
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанды
Жұптық сында олар екінші орын алды
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан Алматыдағы Әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Скит бағдарламасында аралас жұптық сында біздің спортшылар Италия-2 құрамасына жол берді. Атап айтар болсақ, мұнда Таммаро Кассандро мен Кьяра Кайнеро (Олимпиада чемпионы және күміс жүлдегері) сынға түсті. Ал қола медаль Италия-1 құрамасына бұйырды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы былтыр Хорватияда өткен әлем чемпионатында аралас жұптық сында қола медаль жеңіп алған.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды