Қазақстанда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді

Azattyq Rýhy

Турнир Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді

Қазақстанда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді
Фото: yarnovosti.com

Халықаралық бокс қауымдастығының атқару комитеті Қазақстанның 2024 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатын Астанада өткізуге өтінімін мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Әзиз Қожамбетов ұсынған өтінімге таңдау жасады. Турнир Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді.

«Қазақстан сияқты қуатты бокс күші IBA-ның ірі турнирлерінің бірін қабылдайтынына қуаныштымын. 2016 жылы Астанада өткен жарыс қайта оралады. Мен чемпионаттың тамаша өтетініне сенімдімін және келер жылы боксшыларды Астанада қарсы аламын», - деді IBA президенті Умар Кремлев.

Еске салайық, Қазақстан лы Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында тарихи жетістігін қайталай алды. Отандастарымыз бес финалдың төртеуінде жеңіске жетті. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы осы жетістікке қол жеткізген болатын.

Күні кеше ғана Ташкентте өткен әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54-ке дейін), Асланбек Шымбергенов (71-ге дейін) және Нұрбек Оралбай (80-ге дейін) әлем чемпионы, Дулат Бекбауов (67-ге дейін) күміс жүлдегер атанды. Жеңімпаздарды Мемлекет басшысы арнайы құттықтады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.