Құрама капитаны үздік ойыншы атанған
Су добынан Бече қаласында өткен жарысқа Еуропа мен Азия елдерінен 12 команда қатысты. Біздің спортшылар Испания, Германия, Сербия мемлекеттерден келген қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Ал ұлттық құрама капитаны Егор Белоусов турнирдің үздік ойыншысы атанды. Жас спортшыларымызды осы жеңісімен құттықтаймын және оларға сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, қажырлы еңбектің арқасында осындай жетістікке жеткен жаттықтырушылар штабын да құттықтаймын», - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Министр Қазақстанда су добы спортының әлеуеті зор екенін атап өтті.