Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық гимнастшы Ельжана Тәниева ұршық жаттығуы, доп және таспа жаттығуларының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Финал қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 30.900 ұпаймен 2-ші орынға ие болды.
Үздік үштікті өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова бастаса, 3-ші орын бразилиялық Барбара Домингосқа бұйырды.
Көркем гимнастикадан Әлем кубогы Болгарияның София қаласында өтті.