Елена Рыбакина Майамидегі турнирде қарсыласын жеңіп, финалға шықты
Бұл – Рыбакинаның қатарынан қол жеткізген 13-ші жеңісі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалында қарсыласын жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы тұңғыш рет жеңді. Өткен жылы қарсыластар Майами мен Гвадалахара-2 жарысында кездесіп, екеуінде де америкалық теннисші 6:3, 6:4 және 2:6, 6:3, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жеткен болатын.
Бұл жолы Д.Пегула бірден брейкпен бастап, есеп 2:0 болды. Алайда Елена 2:2 есебімен таразы басын теңестірді. Бірақ америкалық теннисші 4:2 есебімен қайта алға озып кетті. Ол сетке доп бергенде, есеп қайта теңесті – 5:5. Рыбакина сол бойда өз геймін бергенімен, қайыра брейк жасады – 6:6. Тай-брейкте есеп 2:2 болған мезетте жаңбыр жауып кетті. Бұдан соң жаңбырға байланысты матч кейінге қалдырылған еді. Үзілістен соң қайта жалғасқан тай-брейкте қатарынан төрт рет жеңген жерлесіміз қорытынды есепті 7:3 есебімен аяқтады.
Бұл – Рыбакинаның қатарынан қол жеткізген 13-ші жеңісі. Алдағы уақытта Рыбакина халықаралық жарыстардың жеңімпазы Петро Квитово мен румыниялық Сорано Кырстенің біреуімен ойнайды.