$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ құрамасы бокстан әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Ол IBA-дың Ресейдің өз туының астында шығуына рұқсат бергеніне байланысты 

АҚШ құрамасы бокстан әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
Фото ашық дереккөзден

АҚШ-тың бокс командасы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресейліктерге мемлекеттік ту мен әнұранын пайдалану арқылы өнер көрсетуге рұқсат беру туралы шешіміне байланысты ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты, деп хабарлады Azattyq Ruhy АҚШ бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған ХОК-тың халықаралық жарыстарда Ресей мен Беларусьтің тулары мен әнұранын пайдалануға тыйым салу туралы шешімі негіз болған.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 2023 жылдың наурыз айында Нью-Йоркте, ерлер арасындағы әлем чемпионаты мамыр айында Ташкентте өтуі тиіс.

5 қазанда Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) Директорлар кеңесі Ресей мен Беларусь боксшыларын жарысқа жібермеу туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары