$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2023, 23:26
Спорт

«Бұрқасын-2023»: елордада қысқы фестиваль өтеді

Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды кез келген адам қатыса алады

«Бұрқасын-2023»: елордада қысқы фестиваль өтеді
фото: dknews.kz

Астана қаласында 19 ақпан күні «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Аталмыш іс-шара жыл сайынғы қысқы фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 10 түрінен өтеді. Олар: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт, қысқы футбол.

Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын жеке құжаты қажет.

Шаңғы жарысына тіркелу кестеге сәйкес 30 минут бұрын, өткізу орнында ұйымдастырылады. Қатысушылардың старттық нөмірлері әр жас тобы бойынша 30 минут бұрын беріледі. Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.

Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қысқы фестиваль 19 ақпан күні сағат 11:00-де Есіл өзені, Амфитеатр жанында басталады.

Серіктес жаңалықтары