Еуропа теннис қауымдастығы қазақстандық жас теннисшіні үздік ойыншы деп таныды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен жылы осы аталым бойынша тағы бір қазақстандық Зара Дәркен үздік шыққан болатын

фото: ktf.kz

Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлын Еуропа теннис қауымдастығы үздік ойыншы деп таныды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» аталымымен марапатталды. 14 жасар Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады.

Биыл Заңғар жекелей және жұптық сында екі реттен жарыс жеңімпазы атанды. Оған қоса Франциядағы беделді турнирдің финалына дейін жетті.

«Аталған марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Өз бапкерлерім мен үлкен қолдау жасаған Қазақстан теннис федерациясына алғысымды айтқым келеді. Алдағы жылы маған жасөспірімдер арасындағы ITF турнирлерінде ойнауға тура келеді. Онда да намысты қолдан бермеймін», - деді Заңғар Нұрланұлы.

Тегтер: