09.12.2022, 11:19
Спорт
Қазақстандық спортшы тарихта алғаш рет UFC 4 турниріне шықты
Аралас жекпе-жектен еш жеңіліп көрмеген Шавкат Рахмонов16 рет жеңіске жеткен
© Фото : UFC Russia
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, еш жеңіліп көрмеген Шавкат Рахмонов UFC 4 ойынына қосылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Sports.kz сайтының жазуынша, Ш. Рахмонов 15 қаңтарға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Fight Night 217 турнирі аясында келесі жекпе-жегін америкалық спортшы Джефф Нилге қарсы өткізеді.
Рахмонов соңғы рет осы жылдың маусым айында UFC Vegas 57 турнирінде АҚШ өкілі Нил Магниге қарсы октагонға шыққан болатын. Бұл жекпе-жекте Шавкат екінші раундта қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Ол аралас жекпе-жектен 16 рет жеңіске жеткен, бірде-бір рет жеңілген емес.

Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
