«Айналысып жүрген спортымыз оңай емес»: нокаут алған Айдос Ербосынұлы өзінің жағдайы туралы айтты
Спортшы қазақстандықтарға алғысын жеткізді

Кубалық спортшымен айқаста нокаут алған спортшы Айдос Ербосынұлы өзінің жағдайы туралы жанкүйерлерге мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Suleimen Promotions командасының баспасөз қызметі Айдос Ербосынұлы телефон арқылы қазақ халқына сәлем жолдағанын жеткізді.
«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Қалдарыңыз қалай? Біз Аллаға шүкір, тәуір болып келе жатырмыз. Осы жекпе-жектен кейін жарақат алып қалдық. Айналысып жүрген спортымыз оңай спорт емес.Үлкен спорт болғандықтан, мұндай жағдайлар болып тұрады. Маған дұға тілеп, тілектес болған баршаңызға Алла разы болсын. Рақмет!» - деді Айдос Ербосынұлы.
Естеріңізге саламыз, Айдос Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден нокаутпен жеңілгеннен кейін комаға түскен болатын.