Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» клубынан кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы команданың Instagram желісіндегі парақшасында жазылған

Фото: James Gill/Getty Images

«Манчестер Юнайтед» Криштиану Роналду клубтан кеткені туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Португалиялық спортшымен келісімшарт маусымның соңына дейін жасалғанымен, тараптар оны мерзімінен бұрын тоқтатуға шешім қабылдаған.

Өткен аптада 37 жастағы спортшы «Манчестер Юнайтед» клубының басшылығы мен бас жаттықтырушысын сынап интервью берген болатын.