Қазақстан-Беларусь матчында жастар стадионға Қазақстанның алып туын алып шықты

Azattyq Rýhy

Тудың көлемі 12x24 метр

Қазақстан-Беларусь матчында жастар стадионға Қазақстанның алып туын алып шықты

Футболдан Ұлттар лигасында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы 22 қыркүйекте шешуші кездесуін Беларусь командасымен өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Матч кезінде «Жастар рухы» жастар қанаты стадионға алып ту алып шығып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

Алып тудың ұзындығы 24 метр болса, ені – 12 метр. Акцияны ұйымдастырған жастар мұндай перфоманс ұлттық құраманың ойындарында алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын айтты.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының C тобында өнер көрсетіп жатыр. Біздің топта Словакия, Әзірбайжан және Беларусь құрама командалары бар. Бесінші турдың нәтижесі бойынша Қазақстан 13 ұпаймен бірінші орынға жайғасты. Соңғы ойынды жерлестеріміз Бакуде Әзірбайжан құрамасымен өткізеді. Бұл ойынның нәтижесі турнир кестесіндегі жағдайға әсерін тигізбейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.