14.09.2022, 05:12
Спорт
«Барыс» ҚХЛ маусымында алғаш рет жеңіске жетті
Осылайша «Барыс» Шығыс конференциясында 9-орынға көтерілді
фото: Барыс ХК
«Барыс» биылғы ҚХЛ маусымында алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
«Барыс Аренадағы» матчта елордалықтар Челябінің «Тракторын» 3:1 есебімен ұтты. Ойындағы алғашқы голды «Барыстың» жаңа капитаны Линдон Вей салды.
Артынша капитан Кирилл Савицкийге нәтижелі пас шығарып берді. Үзіліске дейін қонақтардан Теему Пулккинен есеп айырмасын қысқарта алды.
Кездесудің соңғы минуттарында ресейліктер шабуылға шыққан сәтте Линдон Вей бос қақпаға шайбаны тоғытты.
Осы жеңісінің арқасында «Барыс» Шығыс конференциясында 3 ұпаймен 9-орынға көтерілді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)