Кениядан шыққан желаяқ Қазақстанға әлем чемпионатында «алтын» әкелді

Автор: Azattyq Rýhy

Әлем чемпионатына Қазақстан атынан 12 спортшы қатысқан болатын

Қазақстанның атынан шыққан Нора Джеруто әйелдер арасында кедергімен жүгіруден 3000 метр қашықтықта әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyh Ruhy.

Орегонда өтіп жатқан әлем чемпионатында ол 3000 метр қашықтықты 8 минут 53 секунд ішінде жүгіріп өткен. Екінші және үшінші орынды эфиопиялық спортшылар жеңген.

Жалпы, әлем чемпионатына Қазақстан атынан 12 спортшы қатысқан болатын. Кениядан шыққан желаяқ биыл наурыз айында Қазақстанның азаматтығын алып, еліміздің атынан чемпионатқа қатысты.

Айта кетейік, бұл – Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы алғашқы алтын медалі.