21.06.2022, 10:06
Спорт
Ауыр атлеттеріміз әлем үздігі атанды
Жерлестеріміз бас-аяғы 7 медаль жеңіп алды
Фото: ашық дереккөзден
Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода биыл Мексиканың Лион қаласында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Жерлестеріміз бас-аяғы 7 медаль жеңіп алды. Оның 4-еуі алтын. Бұған қоса, 1 күміс пен 2 қола бар. Осының арқасында жалпы есепте топ бастады. Әсіресе ұлттық құрамадағы Едіге Емберді қоссайыс қорытындысы бойынша 306 келіні басынан асырып, әлем рекордын жаңартты. Бұған қоса, Едіге 17 жасқа дейінгілер арасында ең үздік спортшы атанды.
Елордалық атлетті әуежайдан туыстары, достары және жанкүйерлері күтіп алды. Едігенің өзі жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайтынын алға тартады. Алда тағы айтулы аламандар бар. Енді соған дайындықты бастаймын дейді.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)