Енді ол "Трактор" командасын жаттықтырады
Ирандық "Трактор" Құрбан Бердыев команданың бас бапкері әрі техникалық директоры болып тағайындалғанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
6 маусым күні 69 жастағы маман мен алматылық "Қайрат" командасының басшылары келісімшартты бұзғанын хабарлаған еді. Білікті маман жұмыссыз көп жүрген жоқ.
Бүгін ол Иран чемпионатында ойнайтын "Трактор" командасының тізгінін ұстады.
Айта кетейік, Бердыевтің бастамасымен "Қайрат" 2021 жылы Қазақстан кубогін жеңіп, Қазақстан премьер-лигасында қола жүлде иеленді.