Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орындары анықталды

Azattyq Rýhy

Александр Бублик, Андрей Голубев, Александр Недовесов әлемдік рейтингінде көтерілді

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орындары анықталды
фото: inbusiness.kz

Қазақстандық теннисшілер бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде өз көрсеткіштерін жақсартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің үздік қырық теннисшісінің қатарында, 39-орында тұр. Михаил Кукушкин 160-ыншы, Тимофей Скатов 225-інші, Денис Евсеев 347-сатыға көтерілді. Ал Дмитрий Попко 198, Бейбіт Жукаев 489-ға сырғыды. Жұптық сында Андрей Голубев 39-ыншы, Александр Недовесов 60-ыншы, Григорий Ломакин 231-орында келеді.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 21-інші, Юлия Путинцева 33-орнын сақтап қалса, Зарина Дияс 200 теннисшінің соңында тұр. Жұптық сында Анна Данилина 22-інші, Жібек Құламбаева 273-сатыға жайғасса, Гөзал Айнитдинова 427-ден 434-ке төмендеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.