Астаналық ауыратлет әлем чемпионы атанды

Azattyq Rýhy

Леон қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Астаналық ауыратлет әлем чемпионы атанды

Елордалық спортшы Едіге Емберді ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Едіге спорт тарихында өз есімін жазып үлгерді.

Айта кетейік, 11-18 маусым аралығы Леон қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа 39 елден 200 ден астам спортшы қатысуда. Оның ішінде, еліміздің намысын 9 бірдей спортшы қорғауда.

Аталған байрақты бәсекеде 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Едіге – қос жаттығу қорытындысы бойынша 306 (134+172) келіні ырқына көндіріп, әлем чемпионатының рекордын жаңартты (серпе көтеру).

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.