УЕФА Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған 29 наурызда өткен ойын кезінде жанкүйерлердің трибунадан зат лақтырып, алаңға жүгіріп шыққаны себеп болды

Фото: ашық дереккөзден

УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды "Хабар24". 

Мұндай айыпқа Қазақстан футбол федерациясы Ұлттар лигасы аясында Молдовамен биыл 29 наурызда өткен ойын кезінде жанкүйерлердің трибунадан зат лақтырып, алаңға жүгіріп шыққаны үшін ілігіп отыр. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлердің қолдауына алғысын білдіре отырып, Ұлттар лигасында 3 маусым күні елордада «Астана Аренада» Әзербайжан құрамасымен өтетін матч қарсаңында үндеу жариялады.

«Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың матчтарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарда қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз. Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды үміттенеміз» - делінген үндеуде.